jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Ота жасайтын болды": Ерке Есмахан денсаулығы сыр бергенін айтты

    Ерке Есмахан
    Фото: Instagram/erke_esmahan

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмаханның денсаулығы сыр берді. Өнер иесі соңғы кездері өзін жаман сезініп, ауруханаларға түрлі анализдер тапсырған. Нәтижесінде дәрігерлер оған ота жасау керектігін айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл туралы Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Эстрада жұлдызының сөзінше, оған ертең ота жасалмақ.

    "Денсаулығым сыр беріп, соңғы күндері өзімді өте жаман сезініп жүрдім.Байқасаңыздар екі аптам анализ тапсырумен өтті. Сіздерге әлсіз тұсымды осы күнге дейін білдірмеген едім. Қатты қорыққанымнан жазып отырмын. Ертең маған операция жасайтын болып шешті дәрігерлер. Сіздермен аман-есен қауышайын. Тілек тілеп қойыңыздар. Алла жар болсын", - деп жазды әнші.

    Ерке Есмаханның Stories-і
    Скриншот: Instagram/erke_esmahan

    Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан өзіне Қайрат Нұртастың отбасын бұзды деп сынға алған оқырманына жауап берді. Өнер иесі олардың жанұяларындағы сынақтарға ешқандай қатысы жоқ екенін кесіп айтты.

    Оған қоса Қайратпен қандай қарым-қатынаста екенін жеткізді. Ол оны әріптес, сырлас, бауыры ретінде көретінін алға тартты.

    "Ота жасайтын болды": Ерке Есмахан денсаулығы сыр бергенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.