Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Концертін өткізуге Прагаға келген Димаш көліктің үстінде отырып қолтаңба таратты (фото, видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген тыңдармандарына қолтаңба беруде. Фото: dimashnews.com

Чехия астанасы Прагаға концертін өткізу үшін келген әнші Димаш Құдайбергенді әлемнің 15-тен астам елінен келген тыңдармандары күтіп алды. Қарсы алушылар қарасы көп болғаны соншалық, әншіге көліктің үстінде отырып қолтаңба беруге тура келді, деп хабарлайды Dimashnews сайты.

Димаштың Финляндия, Бразилия, Ресей, Румыния, Украина, Германия, Болгария, Канада, Ұлыбритания, Испания, Перу, Польша және басқа да елдерден келген тыңдармандары әншінің жеке концерті өтетін "Типспорт" аренасының маңына жиналған.

Олар сүйікті әншісінің әнін бірлесе орындап, Димашты аса қуанышпен қарсы алған.

Ал өнер иесінің чехиялық тыңдармандары болса өздерінің ұлттық костюмін киіп, қолына дәстүрлі нан-тұзын алып, әнші мен ата-анасына сый-құрмет көрсеткен.

Сондай-ақ олар әншіге жергілікті шеберлердің ұлттық чех стилінде қолдан жасаған сыйлықтарын табыс еткен.

Өз кезігінде Димаш тыңдармандарына алғысын айтып, қолтаңбасын берген.

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген тыңдармандарына қолтаңба беруде. Фото: dimashnews.com

Айта кетейік, бұған дейін әнші алғаш рет Германияда жеке концертін өткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965359-koncertin-otkizuge-pragaga-kelgen-dimas-koliktin-ustinde-otyryp-qoltanba-taratty-foto/

pixel