Әнші Бақыт Шадаева өнердегі досы Сейфуллин Жолбарыспен неге араласпай кеткенін түсіндірді
Жарияланған күні:
Танымал әнші Бақыт Шадаева журналист Жан Ахмадиевке сұхбат беріп, өнердегі әріптесін Сейфуллин Жолбарыспен неге араласпайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Өнерде жұлдызым жарқырап тұрған шақта, Сейфуллин Жолбарысты бауырымдай көріп, барынша көмектестім. Ол маған ән жазып берді, менімен бірге талай гастрольдік сапарларға барды. Сейфуллин әлі танылмаған, енді ғана өнер ортасына келген еді. Онымен бірге талай жұмыстарды бірге атқардық. Қара шаңырақ үйіне де бардым. Үйі саманнан салынған, киіз жайылып, сыз тартып тұрған болатын.
Менің екі бөлмелі үйім бар еді. Оны кіші қызыма қалдырам деп жүрдім. Сол кезде тағы да үлкендеу пәтер алатын болдым да, Сейфуллин менің бос үйімде тұрғысы келіп, өтініш айтты. Еш ойланбастан келістім. Арада уақыт өткен соң, ол үйімді сатып алғысы келді. Жарты ақшасын төлеп, жартысын әннің есебімен қайтармақ ниетте екен. Қасымда жүрген бауырым болғандықтан, тағы да келісім бердім.
Нотариусқа барып, қол қойып, үйді саттым. Бірақ содан кейін Сейфуллин там-тұмдап қана ақша берді. Жалпы есебі 1200 доллар қайтарды. Маған жазған әндерін де басқа жұлдыздарға тарата бастады. Былайша айтқанда, лақтырып кетті. Үйді қайтарып алайын десем, өзім қол қойдым. Сейфуллин халық арасына кеңінен танылып, кейін үлкен үй де алды. Ал мен сол үйді садақа деп есептеймін қазір. Өнер адамы кең болуы керек.
Мен қасымдағы адамдарға үнемі көмек беріп жүретін адаммын. Егер бар ақшамды жинағанда, қазір 5-6 үй алатын жағдайым болушы еді. Қазір бір ғана үйім бар", - дейді әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965360-seifullin-zolbarys-laqtyryp-ketti-ansi-baqyt-sadaeva-onerdegi-dosymen-nege-aralaspaitynyn-tusindirdi/