Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келісім желтоқсанда жасалған": Республика сарайы ресейлік әзілкештердің концерті туралы пікір білдірді

Опубликовано:

афиша
Фото: Instagram/almaty_ayenderi

Әлеуметтік желіде Ресей жұлдыздарының Қазақстанда болатын концертінің афишасына қатысты дау шықты. "Однажды в России" шоуы әзілкештерінің "Ресей үшін. Музыкалық-патриоттық марафон" деген жазуы бар баннер желі қолданушыларының ашуын тудырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желіде тараған афишаға сүйенсек, шоу-бағдарлама Алматыда 27 мамырда өтуге тиіс болған.

Концерт өтетін Республика сарайының баспасөз қызметі бұған қатысты ресми түсініктеме берді. "Алматы әуендері" КМҚК хабарлауынша, желіде дау туғызған баннер-афиша жалған. Алайда "Однажды в России" сатиралық шоуын өткізу туралы келісімшарт жасалған.

""Музыкалық-патриоттық марафонның" өткізілуі туралы ақпараттарға қатысты "Алматы әуендері" КМҚК баспасөз қызметі таратылған "Za Россию!" баннер-афишасы жалған екенін хабарлайды. Афиша, күні, жарияланған форматы шындыққа сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.

Ұйым ресми афиша мен концерттік бағдарламаның қандай да бір саяси астары жоқ екенін атап өткен. Республика сарайы ұйымдастырушымен концерттік залды жалға алу және "Однажды в России" сатиралық шоуын өткізу туралы келісімшарт 2021 жылдың 8 желтоқсанында жасалғанын алға тартады.

"Бұрын гастрольге сәйкес, концерттік бағдарлама қаңтар айына жоспарланған және екі рет 2022 жылдың мамыр айына ауыстырылған. Бүгінге дейін ұжым Қазақстанның 8 қаласында, соның ішінде Қарағанды, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Өскемен қалаларында өнер көрсетті. "Однажды в России" - 2014 жылдың 28 қыркүйегінен бері бар және таза ойын-сауық коммерциялық жобасы. Қазақстандағы бағдарламаның форматы да тек комедиялық бағытта болып қала береді", - дейді ұйымның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965492-sou-otkizu-turaly-kelisim-zeltoqsanda-zasalgan-respublika-saraiy-reseilik-azilkesterdin-koncerti-turaly-pikir-bildirdi/

pixel