Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекова: Өміріме қиянат жасап, ренжіткен жандарды кештім

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова Рамазан айында өзін ренжітіп, өміріне қиянат жасаған жандарды кешіргенін айтты. Өнер иесі барша оқырмандарын қасиетті айда кешірімді болуға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әуелбекова әсерлі жазбасын Instagram парақшасында бөліскен. Ол қалың көпшілікке жүректі кешірім арқылы тазартуға кеңес берді.

"Алла ашқан кешірім есігін жабуға кімнің құдіреті жетеді? Қасиетті Рамазан айында кешірілмейтін күнәнің үшеуі тізбектелген. Соның бірі, ата-анаға ақ болу. Яғни, ата-ананы қандай да бір сөз немесе әрекетпен ренжіту. Тағы бірі — осы Рамазан айының қасиетін біле тұра ішімдікке, араққа салыну. Және де, менің ойымша ең көп кезігетіні — жақынымен ұрысып қалып, сонымен жараспай отырған адам.

Яғни, ренжіскен адамдардың бірін бірі кешірмеуі, татуласпауы. Бұл ай Алла мейірімін төккен, кешірім айы. Менің көңіліме қаяу түсіріп, өміріме қиянат жасап ренжіткен жандарды осы айдың құрметіне кештім және мен де кімде-кімді байқаусызда немесе қасақана ренжітіп алған болсам, Алла разылығы үшін кешірім сұраймын. Жүректерімізді кешіріммен тазартайық", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965496-moldir-auelbekova-omirime-qiyanat-zasap-renzitken-zandardy-kestim/

pixel