Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басынан қаншама қиындық өтіп жатыр": Роза Рымбаева Тоқаев туралы өз ойын айтты

Опубликовано:

Роза Рымбаева мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Роза Рымбаева ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туралы қандай көзқараста екенін ашық айтты. Өнер иесінің мемлекет басшысына деген сенімі мол, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Роза Рымбаева Қасым-Жомарт Кемелұлына қатысты пікірін Тимур Балымбетовке берген сұхбаты кезінде білдірді. Әнші Тоқаевтың басынан көптеген қиындықтар өтіп жатқанын алға тартып, оның нәтиже көрсететініне сенетінін жеткізді.

"Сеніміміз мол. Ол кісінің халыққа айтып жатқан жолдаулары бар, әкеліп жатқан жаңалықтары бар, өзгерістері бар. Мен өзім сенемін. Жақсы еңбек етіп, нәтижесін көрсететініне сенемін. Қазір де аянбай, талмай еңбек етіп жатыр ғой. Оның үстіне бәрі білетіндей карантинге тап болдық. Көтеріліс, Арыс оқиғасы болды. Ол кісінің басынан қаншама қиындықтар өтіп жатыр. Сонымен қатар мемлекеттің жаңа өмірін көрсетуі керек, жаңалық әкелуі керек, жақсылық жасауы керек. Оңай жұмыс емес. Еңбегінің нәтижесін көрсін. Біз халық көрейік деген жақсы сеніммен қараймын", - деді өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін Роза Рымбаева Семейдегі концерті кезінде орын алған даулы оқиға туралы айтқан болатын. Әнші сахнаға шығып, өзімен суретке түспек болған жігітке не себепті наразы болғанын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965522-basynan-qansama-qiyndyq-otip-zatyr-roza-rymbaeva-toqaev-turaly-oz-oiyn-aitty/

pixel