Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйзелістен шашым мен тісім түсе бастады": Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы әйелі жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Фариза Ещанова мен Әбілмансұр Серіков
Видеодан кадр: Youtube/Dina Tolepbergen

"5:32" сериалының жұлдызы Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы әйелі алғаш рет ашық сұхбат берді. Фариза Ещанова актермен отбасылық өмірі жайлы сыр шертіп, онымен ажырасуына қатысты бар шындықты айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жалғызбасты актриса жан сырын "Ақ мама" бағдарламасында ақтарған. Ол күйеуімен махаббат хикаясы қалай басталғанын айтып берді. Қос ғашық университет қабырғасында танысқан. Кейіннен үйленіп, бірге алты жыл тұрған. Алайда уақыт өте ерлі-зайыптының дәм-тұзы жараспай, олар ажырасуға шешім қабылдайды.

"Оның барлығын айтып отырғаным дұрыс болмас. Ол кісінің қазір басқа жолдасы, әйелі бар. Сол кісі ренжіп қалар. Сол себепті мен бәрін үстірт ғана айтып берейін. Біздің ажырасып кеткенімізге үш-төрт жылдың көлемі болды. Біз Жүргенов атындағы академияда бірге оқыдық.

Ол үшінші курста, мен екінші курста болдым. Сол кезде таныстық. Мен төртінші курста болғанда ештеңеге қарамастан, махаббаттан басым айналып тұрмысқа шығып кеттім. Үйлендік, үй болдық. Алты жыл тұрдық. Ата-енеммен тұрдым, ата-енемнің тәрбиесін көрдім.

Мінезім тік, оны ашық айтамын. Оны жасырмаймын. Осы тік мінезділік адамға кері әсерін тигізеді. Оны мойындаймын, соңғы кездері мойындап жүрмін. Ойымдағыны ойланбастан ашық айта салу, адамның көңілін ойламау секілді нәрселерден кейбір кезде таяқ жедім. Мен бақытты ана боламын деп, тек қана жақсы ойлайтынмын. Бірақ ажырасқаннан кейін көп нәрсені көрдім, үйрендім, өмірдің жаман тұстары да бар екенін түсіндім", - деді Фариза Ещанова.

Серіковтің бұрынғы әйелі ажырасқаннан кейін күйзеліске түскенін мойындады. Алайда ол балалары үшін өзін қолға алуға бекінген.

Сондай-ақ Фариза Ещанова ата-енесімен қарым-қатынасы туралы айтып, бүгінде оларға деген сыйластығы еш өзгермегенін жеткізді.

"Жолдасыммен ажырасқаннан кейін екі жарым айдай кішкене күйзелісте жүрдім. Күйзеліс салдарынан шашым, тісім түсе бастады. Денсаулығым сыр бере бастағаннан кейін жиналу керегін түсіндім. Ата-енеммен ұрысып, бет жыртысып кетпегенмін. Өйткені енем өмірде екінші анам болып кетті. Әлі қызындай көреді. Атам да қызым деп тұрады. Ешқашан келін деп атамаған. Үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Сенгім келмеген шығар. Өйткені әйел адамның ішінде үнемі үміт тұрады ғой. Махаббат үшін күрестім деп айта алмаймын. Ол кезде өзімде күш болмады", - деді ол

Оған қоса актриса күйеуімен ажырасуына нақты не себеп болғанын ашып айтудан бас тартты.

"Ол — халықтың адамы, балаларымның әкесі. Ол қандай жамандық жасаса да, халыққа жаман нәрсені жариялауға құқым жоқ", - деді Ещанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965529-kuizelisten-sasym-men-tisim-tuse-bastady-abilmansur-serikovtyn-buryngy-aieli-zan-syryn-aqtardy/

pixel