Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүркіт пен Аиша қызының туған күнін ерекше атап өтті (видео)

Опубликовано:

Бүркіт пен Аиша балаларымен
Фото: Instagram/berkut_aibekjan

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Бүркіт пен Аиша қызының туған күнін атап өтті. Ерлі-зайыпты перзентінің төрт жасқа толуына орай үлкен мерекелік шара ұйымдастырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айбек Жансейітов қызы Сафияның туған күнін жақындарымен бірге қалай тойлағанын Instagram парақшасында көрсетті.

"Бүгін қызымыз Сафияның туылған күні. 4 жас! Жаным менің, жүрегім менің! Денсаулығың мықты болсын! Халқыңның сүйікті қызы болып өс! Туған күніңмен, ханшайымым", - деп жазды әнші.

Жұлдызды жұп достарының басын қосып, балаларға естен кетпес шара ұйымдастырған.

Олар құрметті қонақтарына дастархан жайып, бүлдіршіндерді ойнату үшін арнайы мамандарды жалдаған. Мерекелік отырыстың видеолары әлеуметтік желіде тарап кетті.

Бүркіт пен Аишаның жақындары Сафияны туған күнімен құттықтап, ақ тілектерін айтты. Сонымен қатар мерекелік дастарханға жиылған көпшілік өз сыйлықтарын да тарту етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965560-burkit-pen-aisa-qyzynyn-tugan-kunin-erekse-atap-otti-video/

pixel