Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәбит Әбдіхалықов көпшілікке үш ұлын көрсетіп, елді сүйсінтті (фото)

Опубликовано:

Сәбит Әбдіхалықовтың ұлдары
Фото: Instagram/sabit_abdykalykov

Актер Сәбит Әбдіхалықов желіде үш ұлының суретін жариялап, елді сүйсінтті. Желі қолданушылары бауырлардың өзара татулығына тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі желіде белсенділік танытпағанымен, арасында отбасылық суреттерін жариялап тұрады.

Бұл жолы Әбдіхалықов үш ұлының фотосын бөлісіп, елді тәнті етті.

"Бауырлар. Асылжан, Хақназар, Абадан", – деп жазды жұлдызды әке Instagram парақшасында.

Желі оқырмандары актердің жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, игі тілектерін жолдады.

"Асылжан ақылды жігіт, анасы жақсы тәрбиелеген. Бауыр керек, жалғыздықтан сақтасын. Қандай жарасымды сурет, өсіп, өне беріңдер", "Ұрпағыңызбен мың жасаңыз", "Сәбит мырза! Ұрпағыңыздың қызығын көріңіз. Қазағым! Бір-біріміздің осындай жақсылығын ғана көруге тырысып, жақсы ниет білдірейік", "Ағайындылар аман болсын. Періште сәбилердің жаны пәк", "Бұл да бір жақсы шығар. Ата-ананың арасында не болса да, ол үлкендердің мәселесі. Бала-шағаның емес, сіз бен біздің емес", - деді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965583-sabit-abdixalyqov-kopsilikke-us-ulyn-korsetip-eldi-suisintti-foto/

pixel