Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Ұлымның қызығын көрмей қалам ба деп қорықтым": Ерке Есмахан отадан кейінгі жағдайы туралы айтты

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан ұлымен
Фото: Instagram/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан желіде өзі үшін алаңдаған қалың көпшілікпен байланысқа шығып, отасы қалай өткенін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерке Есмахан отадан кейінгі жағдайы туралы Instagram парақшасында хабарлады. Эстрада жұлдызы операциясы сәтті өткенін хабарлап, бүгінде үйінде екенін айтты.

"Ота жасату керек" дегенді дәрігерлерден естігенде, бірінші ойыма Муслим түсті. Сол баламды асыраймын деп шауып жүргенімде, қызығын көре алмай қаламын ба деген жаман ой келді. Қорыққанға қос көрінеді демекші, қорыққан сәтте небір ой болады екен. Алла мейірімді ғой, ота сәтті жасалды. Шүкір! Сіздердің дұғаларыңыз қабыл болды.

Қазір үйдемін. Маған тілекші болған баршаға алғыс айтамын. Рамазан айында еселеп қайтсын деп сұраймын. Алла баршаңызға денсаулық берсін, ауызбіршілік, молшылық, береке берсін. Сәби аңсап жүргендерге сәби берсін! Үйлі, күйлі болыңыздар! Маған ауырған жараспайды екен. Енді ауырмайтын жол іздеу керек", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан денсаулығы сыр бере бастағанын айтып, соған байланысты өзіне ота жасалатынын хабарлаған болатын. Желі қолданушылары өнер иесі үшін алаңдап, оған барынша қолдау білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965657-ulymnyn-qyzygyn-kormei-qalam-ba-dep-qoryqtym-erke-esmaxan-otadan-keiingi-zagdaiy-turaly-aitty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 2

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Масаты

Ауырмайтын адам болама ,тек сәтін салып емің шипа болсын, алла жар болсын

Comment reaction

Тазабай

Алла калауымен операция жаксы откеныне куаныштымын,кара коз улыннын алдында аман есен журебергейсын,,будан булай бул жайыт тус деп есептейбер

Comment reaction
jitsu gif