Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Макияжсыз еш әдемі емеспін": Жазира Байырбекова табиғи сұлулық жайлы сыр шертті

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Әнші Жазира Байырбекова желіде табиғи сұлулық жайлы сөз қозғап, елдің қызу талқысына түсті. Өнер иесі қалың көпшілік алдында макияжсыз әдемі емес екенін мойындады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Эстрада жұлдызы жан сырын Instagram парақшасында ақтарды. Ол өзін макияжсыз әдемі деп санамағанымен, өмірде көп боянбайтынын айтты. Байырбекова тек қонаққа барғанда және сахнаға шыққанда ғана бет әрлеушілердің көмегіне жүгінеді екен.

"Менің келбетім макияжсыз да осындай деп ойлайтындарыңыз қателесесіздер. Макияжсыз ешқандай да әдемі емеспін. Кәдімгі қарапайым, бетімде секпілім бар келіншекпін. Сахнаға, қонаққа ғана боянамын. Күнделікті өмірде қалай бармын, солай жүре берем. Осы болмысыма да тәуба,шүкір! Сұлу болмасам да осы жігіт қатты жақсы көреді әйтеуір", - деп жазды ол.

Алайда желі қолданушылары өнер иесінің бұл пікірімен келіспейтіндерін жеткізді. Олар әншінің өте сұлу екенін атап өтіп, оған жылы лебіздерін жаудырды.

"Сіз де қайдағыны айтып, сіз өте сұлулыз. Нағыз сұлулықтың символы", "Мен айтқаныңызбен келіспеймін. Сіздің сұлулығыңызды халық мойындап отыр ғой", "Сіздің өзіңіз де, жаныңыз да сұлу", "Боянсаңыз да, боянбасаңыз да өте әдемісіз", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965685-makiyazsyz-es-ademi-emespin-zazira-baiyrbekova-tabigi-sululyq-zaily-syr-sertti/

pixel