Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеңіл ақша": Әзілкеш Дастан Қалдыбаев не себепті той басқармай кетті

Опубликовано:

Дастан Қалдыбаев
Видеодан кадр: Youtube/Hit TV

Дастан Қалдыбаев өнердегі өзге әріптестері секілді неге той басқармай жүргенін түсіндірді. Актер мерекелік шараны тізгіндеуді жеңіл ақша табудың көзі деп есептейді. Сол себепті ол өзіне той-думандарға шықпауға уәде берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қалдыбаев той-томалақтарды басқарып ақша табудың орнына нағыз шығармашылықпен айналысқысы келетінін жеткізді. Бұл туралы ол "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Алайда әзілкеш бүгінде мерекелік шараларды жүргізіп жүрген әріптестерін сынға алмайды. Актердің сөзінше, ол әркімнің өз қалауы.

"Мен тойға шықпайтын болдым. Өзіме солай уәде бердім. Себебі, той – арзан ақша табудың көзі. Яғни, оңай ақша табу. Бір тойға дайындалып бір миллион теңге алуым мүмкін. Келесі тойда тура сол сценариймен бір миллион аламын. Солай мен жеңіл ақшаға үйреніп аламын. Ал шығармашылығым қала береді. Қиын жұмыстан қашатын боламын. Киноларым қалады. Бәрі қалады.

Ал біраз уақыт өткенде мені ешкім танымайтын жағдайға жетемін. Яғни, керексіз болып қаламын. Сондықтан бұл – өз ойым. Осындай шешім қабылдадым. Той басқарып жүрген өнер өкілдері көп. Әнші де, әртіс те бар. Олар өздері біледі. Мен өзім үшін осындай шешімге келдім. Олар тойдан бөлек, шығармашылыққа уақыт бөле алатын шығар. Мен олай ете алмаймын", – деді Дастан Қалдыбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965698-zenil-aqsa-azilkes-dastan-qaldybaev-ne-sebepti-toi-basqarmai-ketti/

pixel