Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімді сынап көргім келді": Атышулы Байзақова ораза ұстап, ауызашар берді (видео)

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Фото: Instagram/bayzakova

Отандық танымал блогер Айжан Байзақова биыл ораза ұстағанын хабарлап, барша желі қолданушыларын таңғалдырды. Оқырмандар ашық суреттерімен танылған арудың қасиетті айда жақсы жаққа қарай өзгергеніне қуанған. Желі жұлдызы ауыз бекіткелі темекіні азайтып, ұрысуды қойғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Байзақова Instagram парақшасында айтты. Блогер ару ораза ұстау жөніндегі шешімге қалай келгенін баяндап берді.

"Бұл жаңалықты құпияда ұстағым келген. Бірақ достарым көпшілікке жария салуымды сұрады. Олар менің бұл қадамым халыққа үлгі болады деді. Егер менің қолымнан келсе, өзгелердің де қолынан келеді деген сөз. Қазіргі уақытта мен оразадамын. Алғашқыда бұл қадамға өзімді сынап көру үшін, тәнім мен жанымды тексеру үшін, сыртқа емес, ішке үңілу үшін бардым. Шынымды айтсам ораза мен үшін аса қиын кезең болады деп ойламадым. Оразаның алғашқы күндері мен үшін ауыр өтті. Физикалық тұрғыдан да, моралдық тұрғыдан да қиналдым. Бірақ кейін үйреніп кеттім. Бұл өмірімдегі төзімділікке деген ең мықты тексеріс болды. Өйткені менің қалыпты өмір сүру дағдымды сіздер білесіздер. Мен өзім үшін ештеңеден бас тартпайтын адаммын ", - деді ол.

Желі жұлдызы оразаны болашақта тағы да ұстауға ниет білдірді. Ол қасиетті айда өзінің жақсы жаққа қарай өзгергенін байқаған.

"Темекіні аз шегіп, дұрыс тамақтана бастадым, ұрысуды азайттым. Менімен аз да болса таныс болсаңыз, мен үшін бұл қандай жетістік екенін түсінесіз. Ең бастысы, шабыт беретін толқын ұстап алғандаймын. Идея көп. Әрекет етуге, ойымдағының бәрін іске асыруға деген қалауым мықты болып тұр. Бұл ойлар жеке өміріме, блогыма және жылдық жоспарыма қатысты. Осы өзгерістерді сезінгеннен кейін ғана сіздермен бөлісуді жөн көрдім және де жыл бойы осындай болып қалсақ екен деген тілегім бар", - деп жазды блогер.

Сонымен қатар Айжан Байзақова ораза кезінде жақын достарының басын қосып, үйінде ауызашар берген. Атышулы ару желіде ауызашардың видеосын бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965710-ozimdi-synap-korgim-keldi-atysuly-baizaqova-oraza-ustap-auyzasar-berdi-video/

pixel