Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алғысым шексіз": Әлішер Кәрімов әкесіне өзбек тілінде әсерлі ән арнады

Опубликовано:

Әлішер Кәрімов
Фото: Instagram/alisher_k

Отандық танымал әнші Әлішер Кәрімов жаңа әнін әкесінің құрметіне арнап шығарды. Өнер иесі өзінің барлық бастамалары мен бүгінгі жеткен жетістіктеріне қолдау білдірген әкесіне алғысын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлішер Кәрімов әкесіне деген жылы лебізін Instagram парақшасында білдірген.

"Менің әкем - менің батырым. Бүгінгі жетістіктерімнің барлығы әкемнің арқасы деп білемін. Алғысым шексіз. Өнер жолына енді ғана қадам басқан кезде ол маған үлкен сенім артты. Маған арман-мақсаттарға қол жеткізу мен сүйікті іске бар күш-жігерді салуды үйретті. Соның арқасында бүгін мен оған деген бар махаббатымды әнмен жеткізе аламын", - деп жазды әнші.

Өнер иесінің жаңа туындысы "Отам" (Менің әкем") деп аталады. Ән өзбек тілінде жазылған.

"Ата-анаңыз бірге жүз жасасын", "Құтты болсын! Алла ұзақ ғұмыр берсін", "Ағаның денсаулығы мықты болсын. Ауырмасын, сырқамасын. Немерелерінің қызығына тоймай жүре берсін", "Әлемдегі бар жақсылықты тілейміз", - деп құттықтауда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965745-algysym-seksiz-aliser-karimov-akesine-ozbek-tilinde-aserli-an-arnady/

pixel