Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдарбекова: "Мамасының баласы" дегендер ананы құрметтеуде сенен үлгі алсын

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова мен Қайрат Нұртас: instagram.com/gulziraaidarbekova/

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде көпшілікке ұлының жаңа әнін тыңдатты. Ол бұл туындыны естігенде көз жасын тыя алмайтынын айтты. Сондай-ақ жұлдызды ана Қайрат Нұртасты "мамасының баласы" деп сынға алғандарға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде көлікте кетіп бара жатқан видеосын жариялап, өз ой-толғауын бөлісті.

Ол Қайрат Нұртасты орынсыз сынға алатындар одан ананы құрметтеуді үйрену керек екенін айтты. Продюсер жұлдызды баласының амандығын тілеп, оған аналық махаббатын жеткізді.

"Екі күн болды ұлымның осы әнін тыңдасам, көзімнің жасы тыйылмай кетеді. Әлі соңына дейін бітпеген ән. Жүректен шыққан ән, жүрекке жететіні анық. Бүкіл өмірімді көз алдыма елестетті. Жан балам аман болшы. Ана деп шырылдаған жүрегіңнен, құлыншағым. "Мамасының баласы" дегендер ананы құрметтеуде сенен үлгі алсыншы. Әуелі жүректеріңізде бір Алла болсын. Екінші әрине, ол ана. Ешбір ананы баласына сынақ беріп қинамасын", - деп жазды продюсер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966147-aidarbekova-mamasynyn-balasy-degender-anany-qurmetteude-senen-ulgi-alsyn/