Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ең жақсы ұстаз": Әбдіжаппар Әлқожа әкесіне әсерлі жазба арнады

Жарияланған күні:

Әбдіжаппар Әлқожа әкесімен
Видеодан кадр: Instagram/abdizhappar_alkozha

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа желіде әкесіне жантебірентерлік жазба арнап, оған берген тәрбиесі үшін алғысын жеткізді. Өнер иесі бала күнінде әкесімен өткізген күндерін есіне алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Эстрада жұлдызы әкесінен алған тәрбиесі туралы Instagram парақшасында сыр шертті. Ол әкесіне деген құрметін көрсетіп, оны өмірлік ұстазына теңеді.

"Бала кезімнен әкемнің баласымын деп мақтанып айтып жүремін. Мені әкем тәрбиеледі. Әлі есімде теледидардан жаңалықтарды бірге көріп, бірге талқылайтын едік. Біздің ауыл шекарада болғандықтан. Бірінші Қазақстанның, сосын Өзбекстанның жаңалықтарын қатар көріп алып! Соңынан отырып талқылайтынбыз.

Бірімізге Каримов жақсы, бірімізге Назарбаев дұрыс. Өзара талқылау. Әкемнің мақтауы арқылы барлық мемлекеттің президент, министрлерін танып, астаналарын жатқа айтып, кішкентай болсамда сол елдердің әл-ауқатымен танысқым келетін. Сосын әкем достары келгенде мақтанып айтып беретін едім. Басқа елдерді өзіміздің елмен салыстырып, кіп-кішкентай болып алып көрші елдердің президентінің қателігін түзейтін едім. Әрине сөзбен ғана. Басқалай шара жоқ.

Қазір қарасам, әкемнің тәрбиесі, қайрауы, еркелетіп ынтамды елді ойлауға ашқаны, барлығы елдің баласы болуыма әрекеті екен ғой. Елді ойласын, адамдар арасында адам болсын деген тәрбиесі екен. Менің әкем мен үшін ең жақсы адам! Ең жақсы ұстаз! Адамның адамы.

Арманымның орындалуының негізі - абызым әкем. Келіп жеткен жаңа жасыңыз құтты болсын! Еркетайыңыздың 80-ге келгенін көріңіз өз көзіңізбен", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966302-en-zaqsy-ustaz-abdizappar-alqoza-akesine-aserli-zazba-arnady/