Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Сәдуақасова ерекше отбасылық суретін бөлісті

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова отбасымен
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Әнші Мадина Сәдуақасова ерекше отбасылық суретін жариялады. Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға тағы да сәбилі болуды тілеуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мадина Сәдуақасова аталмыш фотосын Instagram парақшасында бөлісті. Онда өнер иесі күйеуі мен ұлымен бірге тұрғанын көруге болады. Әнші мен баласы қазақи нақышта киініп алған.

Ерлі-зайыпты перзенттерінің мектебіндегі мерекелік шараға қатысып қайтқан.

Желі қолданушылары жұлдызды отбасыға тәнті болып, оларға өз жылы лебіздерін білдірген.

"Бақытты болыңыздаршы. Сіздерді бірге көру қуаныш", "Папаларыңыз да қазақша киінсе жақсы болар еді", "Үлгілі отбасы", "Керемет жұп. Жарайсыздар", "Сіздерге тәнтімін. Нағыз отбасылық құндылықтарды насихаттап жүресіздер", "Енді ұлдарыңыздың артынан інісі немесе қарындасы ерсін", "Тағы да сәбилі болуды жазсын Алла", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966569-madina-saduaqasova-erekse-otbasylyq-suretin-bolisti/

pixel