Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас Төреғали Төреәлімен бірге қажылықта жүр (фото)

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртас
Фото: Instagram/toregalitoreali

Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі Мекке қаласына қажылыққа бірге аттанды. Өнер иелері әлеуметтік желіде қасиетті мекеннен фотолар жариялауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қос әртістің Меккеге ұшып кеткендері жайлы Instagram желісінен белгілі болды. Қайрат пен Төреғали өз парақшаларында суреттерін бөлісіп, қалың көпшілікке қажылықта жүргенін аңғартты.

Сонымен қатар Төреғали Төреәлімен бірге бұл сапарға әкесі де барған.

Желі қолданушылары қасиетті мекенде жүрген жұлдыздарға жылы лебізін білдіріп, оларға ақ тілегін жолдаған.

"Ниеттерің қабыл болсын", "Қандай керемет, әкеңізге Меккені көрсеткен", "Рамазан айында Мекке мен Мединада болу бақыт қой", "Барлық тілектеріңіз бен дұғаларыңыз қабыл болсын", "Мұндай сапар бізге де бұйырсын", "Әр қазақ баласы қажылыққа барып көрсінші", "Алла жолымен жүрген адаспас. Жарайсыздар, жігіттер", - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966600-qairat-nurtas-pen-toregali-toreali-birge-qazylyqta-zur-foto/

pixel