Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баршаңызға жақсылық тіледім": Асылхан Төлепов қажылыққа аттанды (фото, видео)

Опубликовано:

Асылхан Төлепов
Фото: Instagram/assylkhantolepov

Отандық танымал жұлдыздар Рамазан айында бірінен соң бірі Меккеге аттанып, қажылыққа баруда. Асылхан Төлепов те өнердегі әріптестерінен қалыспай ораза кезінде мұсылмандық парызын орындап, қасиетті мекенге жол тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асылхан Төлепов Меккеге барғанын Instagram парақшасында жария етті. Актер қасиетті жерден сурет пен видео жариялап, көпшілікке бөлісті.

"Баршаңызға тек жақсылық тіледім. Дұға ниет тілектеріңіз қабыл болсын", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары Төлеповтың бұл ниетіне қолдау білдірді.

"Барғаныңыз дұрыс болды. Дұғаларыңыз қабыл болсын. Балапаныңыз жұмақта болсын", "Өмірдің қатты толқындарына, ұйытқыған дауылына қарсы тұратындай қуат берсін Аллам", "Кішкентайыңыздың тұрағы жұмақтан болғай", "Жарайсыз, барша тілектеріңіз қабыл болсын", "Алланың шексіз рахымына бөленіп жүре бер", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Асылхан Төлеповтың отбасында қайғылы жағдай орын алды. Актердің кішкентай ұлы көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966779-barsanyzga-zaqsylyq-tiledim-asylxan-tolepov-qazylyqqa-attandy-foto-video/

pixel