"Оның тағдырын өзіме тілемеймін": Садраддин Болат әкесі туралы жан сырын ақтарды
Жарияланған күні:
Жастар арасында аса танымал әнші Садраддин Болат алғаш рет ашылып сұхбат беріп, әкесі туралы айтып берді. Өнер иесі әкесінің тағдырын қайталығысы келмейтінін алға тартып, жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Садраддин Болат отбасы туралы "TalkLike" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Ол бүгінде жалғыз сырласы – анасы екенін алға тартты. Өнер иесі шығармашылығына қатысты анасынан кеңес сұрап отыратынын жасырмады.
Ал әкесі жайлы тақырыптан әнші көбінесе қашқақтайтынын жеткізді. Ол болашақта арнайы ән жазып, әкесі жайлы барлығын айтып беруге ниетті.
Сонымен қатар Садраддин әкесіне деген ешқандай реніші жоқ екен жеткізді.
"Уақыты келгенде әкем туралы әңгімені әнмен жеткіземін. Әкеме арнап ән шығарамын. Әкеме ешқандай ренішім жоқ. Оған қатысты дүниелер уақыты келгенде айтылады. Әкеммен бір шаңырақ астында тұрдым. Әке тәрбиесін көп көрдім деп айта аламын. Бірақ ер бала әкесінен қарағанда анасына жақын болады деп жауап берейін. Анам кәсіби музыкант болғандықтан, әндерімді сол кісінің пікірімен санаса отырып жазамын. Әкем музыкант ретінде қолдаған жоқ. Басқа маман болғанымды қалады.
Ал мен өнерден басқа дүниемен айналыса алмайтынымды білгенмін. Халыққа өнерімді көрсетемін деген кішкентай кезімнен арманым бар. Әкемнің тағдырын қайталаудан қорықпаймын, бірақ өзіме тілемеймін. Оның тағдырын қайталағым келмейді. Әкесімен жүріп келе жатқан балаларға қызықпаймын. Кәдімгідей толыққанды отбасыда өстім", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966801-onyn-tagdyryn-ozime-tilemeimin-sadraddin-bolat-akesi-turaly-zan-syryn-aqtardy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.