Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үлкен сабақ болды": Садраддин Болат 11 миллион теңгеге қалай алданып қалғанын айтты

Опубликовано:

Садраддин Болат
Фото: Instagram/sadraddinn

Жас әнші Садраддин Болат басынан өткерген өмірлік оқиғалары туралы сыр шертті. Өнерпаз таныстарына қомақты қаржы беріп, оларға алданып қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Садраддин Болат бұл жағдай өмірінде үлкен сабақ болғанын алға тартты. Жас өнерпаз осы оқиғаның арқасында адамдарды жақсы тани бастағанын айтты.

Танымал блогер таныстарына сеніп, 11 миллион теңгесінен айырылып қалған.

"11 миллионға алдандым. Кімдер екенін айтпай-ақ қояйын. Таныстарым ғой. Бірінен бірі естіп кете береді екен. Блогерлер емес. Блогерлермен ортақ таныстар деп айтайын. Блогерлердің қаншасы құрбан болды. 11 миллион теңгеге көлік сатып алдым. Анамды тыңдамадым. Анам ондай затқа мүлдем сенбейтін адам. Ал мен дос дегенге сенемін ғой.

11 млн теңгені бере саламын. Бұл маған үлкен сабақ болды. Мені тағы да үш-төрт жылға есейтіп жіберді. Соның арқасында адамды танып білетін болдым. Бұл қателігіме ешқашан өкінбеймін. Біреу айтса түсінбейтін едім. Басымнан өткен соң барып ұқтым. Ішің күйеді, әрине. Бірақ, шүкір. Алла несібесінен айырмасын", - деді ол "TalkLike" бағдарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Садраддин Болат алғаш рет әкесі туралы айтқан болатын. Жас әнші болашақта әкесінің тағдырын қайталағысы келмейтінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966806-ulken-sabaq-boldy-sadraddin-bolat-11-million-tengege-qalai-aldanyp-qalganyn-aitty/

pixel