Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Динара Бақтыбаева тағы да сәбилі болмақ (видео)

Опубликовано:

Динара Бақтыбаева
Фото: Instagram/dika_strai

Қазақстандық актриса Динара Бақтыбаева жақында тағы да сәбилі болмақ. Өнер иесі әлеуметтік желіде аяғы ауыр екенін растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Динара Бақтыбаева қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті. Ол қызымен түскен видеосын жариялап, алдағы уақытта отбасы тағы бір сәбимен толығатынын хабарлады.

"Құттықтауларыңызды қабыл аламыз. Нешінші ай екенін кім таба алар екен?", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Динараны жарыса құттықтап, оған ақ тілектерін жаудырды.

"Құтты болсын! Аман-есен құшағыңа ал", "Жүктілігің жеңіл өтсін", "Қандай керемет жаңалық. Қуаныштымыз. Көбейе беріңіздер", "Динара құтты болсын. Аман-есен босанып, сәбиіңізді құшағыңызға басыңыз", "Аяғы ауыр екенін білгенмін. Бақытты бол", "Қызыңыздың артынан інілері мен сіңлілері ере берсін", - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966810-aktrisa-dinara-baqtybaeva-tagy-da-sabili-bolmaq-video/

pixel