jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Әбдіжаппар Әлқожа жаңа көлігіне жиналған көрімдікті мешіттің құрылысына аударды

    Әбдіжаппар Әлқожа
    Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha

    Отандық танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа су жаңа темір тұлпарын көрсетіп, қалың көпшіліктен көрімдік сұрады. Өнер иесінің қуанышына ортақтасқан жандар қайырымды іс жасады. Себебі әртіс жиналған қомақты қаржыны толықтай мешіттің құрылысына аударған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әбдіжаппар Әлқожа Instagram желісінде жаңа автокөлік алғанын хабарлап, оның видеосын жариялап қойды.

    Әнші су жаңа тұлпарын көрсетіп, өзіне көрімдік жібергісі келетіндер үшін Kaspi картасының нөмірін қалдырып кетті. Көп ұзамай, өнер иесінің туыстары мен жақын достары оған қаражат аудара бастады. 

    Қомақты сома жиналғанда Әбдіжаппар өзіне қаржы аударғандарға тосын-сый жасады. Ол бар қаражатты "Перзент" балалар үйінің басшысы Әмина Қажы Әжібаеваға аударды.

    Әртістің айтуынша, Әмина Қажы Рамазан айында мешіт тұрғызуда.

    Әбдіжаппар Әлқожа жаңа көлігіне жиналған көрімдікті мешіттің құрылысына аударды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.