Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"51 жыл дос болдым": Нұрғали Нүсіпжанов Нұрғиса Тілендиевті есіне алды

Опубликовано:

Нұрғали Нүсіпжанов
Фото: Уикипедия

Қазақ эстрадасының дүлділі Нұрғали Нүсіпжанов өнердегі ағасы, әйгілі күйші композитор Нұрғиса Тілендиевті есіне алып, онымен достығы туралы айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі марқұм композитор туралы естелігін Instagram парақшасында бөлісіп, мұрағаттық видеосын жариялаған.

"Бағым болар - Нұрғиса Тілендиевпен 51 жыл дос болдым. Маңдайыма Нұр аға жазған әндердің кіндігін кесу бақыты бұйырды. "Нұрғаш менің жекеменшік әншім", - дейтін дәл осы Нұрғиса ағамыз еді. Бірер күн көрмей қалса, "Қайда жүрсің, келіп кет", - деп өзі де еркелейтін, мені де еркелететін. Сәлем бере барсам: "Сағындырып қайда жүрсің, жалғызым-ау, адалым-ау", - деп кең құшағына қысатын. Сонда екі көзінен аққан жас кеудесін жуып тұрушы еді. Нұрғиса Тілендиевтің "Жалғызым-ау, адалым-ау" деген сол екі - ақ ауыз сөзі мен үшін бұл дүниедегі барлық марапаттан биік", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966869-51-zyl-dos-boldym-nurgali-nusipzanov-nurgisa-tilendievti-esine-aldy/

pixel