Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол кісінің үлкен еңбегі бар": Белгілі комедия театры өнер жолында өздерін қолдаған жанға алғыс білдірді

Опубликовано:

Назар аудар
Видеодан кадр: Youtube/Қызық Live

"Назар аудар" театры отандық танымал "Қызық Live" бағдарламасына қонақ болып келді. Комедия театрының мүшелері ұжымның құрылуына кім себепкер болғанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Театр мүшелерінің сөзінше, олардың құрылғанына биыл 12 жыл толып отыр. Бір үйдің баласындай болған әзілкештер өздерін қолдап, үлкен өнерге жолдама берген Тұрсынбек Қабатовқа алғыс айтты.

"Қазір өнерде, шоу-бизнесте продюсер деген ұғым бар. Бір талантты баланы байқап, оны шығарып, оған қаржысын құйып, артынан ол баланың тойдан тапқан, гастрольден тапқанының белгілі бір пайызын алатын продюсерлер бар. Жүйе сондай. Бірақ КТА-дан шыққан соң екі жыл сахнадан көрінбей еткен бізді енді не істеп жатыр екен деп уайымдап, артымыздан іздеп, КТА-ға шақырып, ешқандай жүйесіз, продюсер ретінде емес, үлкен жүрекпен, үлкен махаббатпен аға ретінде театр болып кетуімізге себеп болды ол кісі.

Әрі қарай біз нақты қай позицияда, қалай жүруіміз керек екенін түсіндік. Театр ашуға өзіміз қорқып жүр едік. Өйткені, оқымаған актер деген атағымыз бар. Сол кезде Тұрсынбек ағамыз бізге рух беріп, сахнаға шығарып жіберді. Негізінен, оған миллиондаған ақша кетеді. Осындай үлкен жанашырлықпен қамқорлық көрсетті. Ол кісінің үлкен еңбегі бар", - дейді театрлықтар.

"Назар аудар" комедия театры әртістерінің сөзінше, карантинде ұжым шығармашылығы тоқтап тұрған.

Ал алдағы уақытта әзілкештер өз өнерін қалың көрерменге тек сахнада емес, ғаламтор арқылы да көрсететінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966975-ol-kisinin-ulken-enbegi-bar-belgili-komediya-teatry-oner-zolynda-ozderin-qoldagan-zanga-algys-bildirdi/

pixel