Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарнамадан алты миллион таптым": Zheka Fatbelly өз табысы туралы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Zheka Fatbelly анасымен
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде "Zheka Fatbelly" лақап атымен танылған блогер Жеңіс Омаров өз табысы туралы бар шындықты айтты. Желі жұлдызы Ресей мен Қазақстанда ақша табу әдістері мен табыс мөлшері де екі түрлі екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жеңіс Омаровтың ең үлкен табысы алты миллион болған. Ол бұл қаражатты бар-жоғы бір жарнама үшін алған.

"Алматыда 22 жасымда бір компаниямен айына 1 миллион теңгеге шарт жасасқанбыз. Жылына 12 миллион теңге. Ол менің жасым үшін жақсы ақша болды. Бұл – бір компаниямен келісім. Ал Мәскеуде бір жарнама үшін шамамен 6 миллион теңге алдым. Жарнамадан ең көп алғаным сол", - деді блогер "Taboo" бағдарламасына берген сұхбатында.

Оған қоса Zheka Fatbelly би өнері арқылы музыкаға келгенін айтты. Ол отандық фильмдерде бой көрсетіп, блогерлігін шыңдай түсті.

Желі жұлдызы өзінің бүгінгі жетістіктерінің барлығы анасының арқасы деп біледі. Анасы оған тіпті қазақ тілін де өзі үйреткен.

"Мен өте ерке бала болдым. Тіпті қазақша бір сөз түсінбедім. Орыс сыныбы мен қазақ мектебінің айырмашлығы көп. Мені анам 2-сыныпта қазақ сыныбына ауыстырып жіберді. Ондағы мұғалімдер бір сөзді білмесең, басыңнан ұратын. Одан бөлек анам түнімен отырып маған қазақша үйретеді. Солай жүріп мен 4 айда қазақша сөйлеп кеттім. Қазір екі тілде де еркін сөйлеймін. Алғаш биге құмарттым. Музыкаға жақын болдым. Шығармашылыққа жақын болдым. Сөйтіп жүріп, блогерлікке келдім.

Анам маған жүкті кезде көп классикалық музыка тыңдаған екен. Содан мен де музыкаға жақын болдым. Жалпы анам мені қай салада болсын қолдады. Менің өскенімді, білгенімді қалады. Мен ерекше жақсы көрген, маған көмектескен адам – анам. Мен ақша жинаған адам емеспін. Көлік алып, үй алып көрмеппін. Бір пәтерім бар. Анам жүретін көлік бар. Өзімнің көлігімді қағып тастағанмын. Басқа артық ақшам жоқ", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1967157-zarnamadan-alty-million-taptym-zheka-fatbelly-oz-tabysy-turaly-bar-syndyqty-aitty/

pixel