Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Шахизада туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Шахизада құрбыларымен
Фото: Instagram/bota_beisenova_

Отандық танымал әнші Шахизада Байбатшанова жаңа жасын ерекше қарсы алды. Өнер иесі алдымен қонақтарына ауызашар беріп, оның соңы дүбірлі тойға ұласты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шахизада Байбатшанованың туған күні биыл қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келді. Соған орай әнші жеке мерекесінде алдымен ораза ұстаған жақындарына ауызашар беруді жөн көрген.

Ал ауызашар мерекелік шараға жалғасқан. Әртісті құттықтап келген жұлдызды меймандар арасында Қанат пен Айгүл Құдайбергеновтер, Бота Бейсенова, Мұхтар Ханзада және тағы да басқа өнер өкілдері бар.

Той қонақтары Шахизаданың туған күн кеші қалай өткенін Instagram желісінде жарыса көрсетуде. Олар дүбірлі тойдан фото және видеоларды жариялап, қалың көпшілік назарына ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1967167-ansi-saxizada-tugan-kunin-durkiretip-atap-otti-foto-video/

pixel