Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарт енем бала тәрбиесінде көп көмектесті": Әбдікәрімова ерекше отбасылық фотоны бөлісті

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде отбасылық мұрағаттағы ерекше суретті бөлісіп, қалың көпшілікті тәнті етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі аталмыш фотоны Instagram парақшасында жариялаған. Онда қарт әжейдің кішкентай нәрестені бесікке бөлеп жатқанын көруге болады.

Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, суретте оның қос қызы мен қарт енесі екен. Актрисаның ол кісіге деген құрметі ерекше. Ол қарт енесі өзіне бала тәрбиесінде көп көмектескенін айтты.

"Тәттілерім. Бесіктегі бөпені көбі Нарұл депті. Демек Алау мен Нарұл ұқсайтын боп тұр ғой. Қарт енем бала тәрбиесінде көп көмектесті деп едім ғой. Алауканы бесікке бөлеп жатқан сәті. Ал бөпесіне қарап тұрған – Сезім", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары ерекше отбасылық фотоға өз жылы лебізін білдірді.

"Қариясы бар үйдің қазынасы бар", "Қандай керемет фото. Бұл таптырмас естелік қой", "Мәссаған, үлкен енеңіздің де тәрбиесін көргенсіз ба? Демек сіз де болашақта жақсы ене боласыз", "Керемет сәт, өшпес естеліктер. Әжесінің мамасын көрген екенсіз, бұл да бір бақыт", "Қыздарыңыз сондай тәтті. Әкелерінен айнымайды", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1967345-qart-enem-bala-tarbiesinde-kop-komektesti-abdikarimova-erekse-otbasylyq-fotony-bolisti/

pixel