Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түрім ауру адамға ұқсады": Ләйлә Сұлтанқызы 9 жыл бұрын қандай болғанын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде тоғыз жыл бұрынғы суретін жариялап, елді таңғалдырды. Ақпарат өкілі арық болған өзіне ұнамайтынын ашық айтып, бүгінгі кейпі көңілінен толықтай шығатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ләйлә Сұлтанқызы бұрынғы фотосын Instagram парақшасында бөлісті. Тележүргізуші ол кездегі келбетін науқас адамның түріне ұқсатты. Ол тіпті бетінің сопақтығы салдарынан ел алдында қысылғанын жасырмады.

"Түрің ауру адамға ұқсайды. 9 жыл бұрын дәл осы күні түсірілген сурет екен, салмағым 56-57 келі болды. Тісімнің ақсиғанынан, бетімнің сопақтығынан қысылатынмын, жоқ кәдімгідей ұялатынмын. Киім сиғанын қайтейін, түрім ауру адамға ұқсаса (бәрі солай айта бастады).

Мүмкін аз уақыттың ішінде 86 келіден 56-ға түскеннен кейін шығар, көзге оғаш көрінгені. Ашығын айтсам, әр ағзаның өзін жақсы сезінетін салмағы болады, оны ми жазып, сақтап қояды. Менікі 60-62 келі аралығында екен", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1967361-turim-auru-adamga-uqsady-laila-sultanqyzy-9-zyl-buryn-qandai-bolganyn-korsetti-foto/

pixel