Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеті жыл өте шығыпты": Мейрамбек Бесбаев марқұм Батырхан Шүкеновті есіне алды

Опубликовано:

"МузАРТ" тобы Батырхан Шүкеновпен
Фото: Instagram/m_besbaev

Осыдан жеті жыл бұрын, 2015 жылдың 28 сәуірінде қазақ әншісі Батырхан Шүкенов өмірден өткен болатын. Әншінің барша жанкүйерлерін күйзелткен күнді Батырханның өнердегі інісі Мейрамбек Беспаев еске алып, онымен түскен естелік суретін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бесбаев Instagram парақшасында Батырхан Шүкеновпен түскен мұрағаттық суретін жариялап, оған деген сағынышын жеткізді. Фотода "МузАРТ" тобы мен марқұм әншінің бір дастархан басында отырғандарын көруге болады.

"7 жыл өте шығыпты ғой. Алла мейіріміне бөлесін", - деп қысқа қайырды Мейрамбек.

Желі қолданушылары да біртуар әртіс туралы естеліктерін бөлісіп, оған деген сағынышын жеткізді.

"Қазақтың Батырдайын дарынды ұлын ұмытпай жадыңызда дəйім ұста. Əсем əуен тудырған саксафоны, Шаң-шаң боп жатыр екен қай бұрышта?", "Әттең-ай бар болғанда не бір шедевр әндер шығар еді. Жәннәттың төрінде ән айтып жүрген шығар, ләйім солай болғай", "Біртуар тұлға еді", "Өзі кетсе де, әндері әлі де ел аузында", "Қазақтың мақтанышы", - деп жазды олар.

Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов 2015 жылдың 28 сәуір күні кенеттен жүрегі тоқтап, Мәскеуде қайтыс болды. Дәрігерлер әншінің өмірін сақтап қалу үшін бірнеше сағат бойы күрескен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1967379-zeti-zyl-ote-sygypty-meirambek-besbaev-marqum-batyrxan-sukenovty-esine-aldy/

pixel