Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Продюсер Жан Мұқановтың жетінші баласы дүниеге келді

Опубликовано:

Жан Мұқанов әйелімен
Фото: Instagram/ impresario.tv

Қазақстандық танымал продюсер Жан Мұқановтың отбасында қуанышты жаңалық. Шоу-бизнес өкілінің жетінші перзенті дүниеге келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қуанышты жаңалықты жұлдызды әкенің өзі Instagram парақшасында бөлісті. Ол келіншегі қыз босанғанын, сәбиіне қандай есім бергенін айтты.

"Қасиетті ай қызды болдым. Оның тегі Жан болады. Ал есімі – Ханзада. Ханшайымым, бұл өмірге қош келдің. Махаббатым, жан жарым, саған мың алғыс. Сен сыйлық жасауды білесің. Мен үшін және балаларымыз жасап жатқан барлық ісің үшін рахмет айтамын", - деді продюсер.

Айта кетейік, бұл ерлі-зайыптының жетінші перзенті. Жаңа туған сәбиден басқа олар үш ұл және үш қыз тәрбиелеп отыр.

Жұлдызды жұпты бірқатар өнер өкілі де құттықтады. Олар көпбалалы жанұяға тәнті болып, өз ақ тілегін білдіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1967721-prodyuser-zan-muqanovtyn-zetinsi-balasy-duniege-keldi/

pixel