jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Алтынбек Қоразбаевтың ерекше батасы елдің көңілін көтерді

    Алтынбек Қоразбаев
    Фото: qazaqconcert.kz

    Композитор Алтынбек Қоразбаевтың отырыстардың бірінде ерекше бата берген видеосы тарап, көпшіліктің көңілін көтерді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Алтынбек Қоразбаевтың қатысуымен болған видео Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Онда композитордың дастархан басында бата беріп жатқанын көруге болады. Ол өз батасына бірқатар өнер жұлдызын қосты.

    "Кенжебектің шашын берсін. Мұқасанның қасын берсін. "Диета KZ" тобының көлемін берсін. Марал Әмірбектің өлеңін берсін. Мақпалдың күлкісін, Мейрамбектің ұйқысын берсін. Оразамыз қабыл болсын. Қазағымыз аман болсын", - деді Қоразбаев.

    Әншінің бұл батасына тәнті болған көпшілік желіде оған түрлі пікір білдіріп жатты.

    "Тамаша әзіл", "Керемет заманауи бата", "Жақсы, қалжыңы аралас бата ғой. Ерсі еш нәрсе көріп тұрғам жоқ", "Алтынбек мырзаның тембрін берсін", "Әдемі айтылған. Маған ұнады", "Алтынбек аға, қатырдыңыз. Дәл айтқансыз", - деп жазды оқырмандар.

    Алтынбек Қоразбаевтың ерекше батасы елдің көңілін көтерді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.