Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекова: Базарда жеміс-жидек сатқаныма намыстанбаймын

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Әнші Жазира Байырбекова желіде өзіне жағымсыз пікір қалдырған оқырманын орнына қойды. Өнер иесі кезінде базарда жұмыс істеп, жеміс-жидек сатқанына еш намыстанбайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жазира Байырбекова өзіне "қайдан шыққанын ұмытпауға" кеңес берген оқырманына бірден жауап берді. Әнші өнер жолына келмей тұрғанда базарда жұмыс істегенін ашық айтты. Өнер иесі бұл кәсібі үшін мүлдем намыстанбайтынын алға тартты.

"Тұрмысқа шығып, жас отбасы болған кездерімдегі қара жұмыс істегенімді бетіме басып, намысыма тиемін деп ойлайды кейбіреулер. Кезінде жеміс-жидек сатып, базарда өзімнен үлкен қап көтергеніме намыстанбаймын. Ең бастысы, ешкімге қол жаймай, маңдай термен таптық", - деп жазды Байырбекова Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары әртіске қолдау білдіріп, оның қарапайымдылығына тәнті болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1967782-zazira-baiyrbekova-bazarda-zemis-zidek-satqanyma-namystanbaimyn/

pixel