Аружан Жазылбекова: Жақын адамдарымның қадірін оларды жоғалтқан соң ғана түсіндім

Опубликовано:

Аружан Жазылбекова
Фото: Instagram/arujazz

Актриса Аружан Жазылбекова желіде әсерлі жазба жариялап, өз жан сырын ақтарды. Өнер иесі жақын адамдарынан айырылған соң үлкен сабақ алғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аружан Жазылбекова жақын адамдарының қадірін оларды жоғатқан соң түсініп жатқанын жеткізді. Бұл туралы актриса Instagram парақшасында жазды.

"Осы жылы үш жақын әрі сүйікті адамдарымнан бірден айырылып, туған-туысқандармен араласудың бар қуанышын енді ғана түсіндім. Алдымен басқа қалаға кетесің, сосын мектеп, колледжде оқып, жұмысқа істеуге асығасың. Қысқа жазғы демалыстар туыстарыңа деген сүйіспеншілікті шынайы сезінуге мүмкіндік бермейді. Балалық шақта ешкім ешнәрсе түсінбейді. 

Ал енді, аз да болса өмір сүріп, әлемді танып, адамдармен танысқанда, оң мен солды танығанда жақын адамдардың қадірін түсіне бастайсың. Шынымен не маңызды екенін түсінгендеймін. Кейбіреулер үшін менің сөздерім жаттанды болып көрінетін шығар. Бірақ мен бұны енді ғана түсініп, басымнан өткеріп жатырмын", - деп жазды Жазылбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968056-aruzan-zazylbekova-zaqyn-adamdarymnyn-qadirin-olardy-zogaltqan-son-gana-tusindim/