Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған бір ауыз айтпады": Әнші Сәуле Жанпейісова Айгүл Қосановамен арада болған дау туралы айтты

Опубликовано:

Сәуле Жанпейісова
Видеодан кадр: Youtube/Hit TV

Отандық танымал дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова өз шәкірті Айгүл Қосановамен арада болған дауына қатысты бар шындықты айтты. Айтуынша, ол өнер иесінің әнін рұқсатсыз фильмге пайдаланған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сәуле Жанпейісова басынан өткен жағдайды "Менің өмірім" бағдарламасында баяндады.

"Талғат Теменовтың режиссерлығымен "Қазақфильм" "Менің кінәлі періштем" деген фильм шығарыпты. Сол фильмде менің шәкіртім Айгүл Қосанова әнімді қазақшалап орындапты. Менің жасатқан оранжировкам. Тек қазақшалатқан. Сол кезде таңғалдым. Мен кафедра меңгерушісімін. Айгүл өзім Атырауда кеткен кезде орныма қалдырып кеткен шәкіртім. Сол жерде қоластымда жұмыс жасап жүр.

Сосын Айгүлге айттым. "Сен менің әнімді фильмге орындапсың ғой" дедім. Ол "иә" деді. Мен "неге бір ауыз маған айтпадың?" деп сұрағанымда, "болмайды ма не?" деді. Содан кейін маған журналистер келді. Осы мәселе жайында бәрін айтып бердім. Сол журналистер кейін Талғат Теменовтен де сұхбат алған. Ол өз кезегінде "Сәуле деген кім? Ол авторлық құқықты біле ме екен? Оның орындауынан алған жоқпыз. Оның әнге еш қатысы жоқ" депті. Содан кейін "Қазақфильмге" бардым. Өз ренішімді жеткіздім. Менен кешірім сұраудың орнына Теменовтің осындай әңгіме айтқаны жаныма батты.

Жауап ала алмаған соң, "Қазақфильмді" сотқа бердім. Мен Теменовті немесе шәкіртімді сотқа берген жоқпын. Кейін бізді сотқа шақырды. Талғат Теменов келмеді. Шәкіртім ғана келді. Ол жағдайдың бұлай болып кететінін ойламағанын айтты. Менің орындауымдағы ән екенін білмеуі мүмкін емес. Әрине, бір әнге қарап қалған ештеңе жоқ. Кейін бәрі жақсы болды. Бұл жерде бір ауыз сөз ғана болып тұр", - деді Сәуле Жанпейісова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968101-magan-bir-auyz-aitpady-ansi-saule-zanpeiisova-aigul-qosanovamen-dauy-turaly-aitty/

pixel