jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Қалай дәттерің барады": Ерке Есмахан "өзінің өлімі" туралы жалған ақпарат таратқандарға шүйлікті

    Ерке Есмахан
    Фото: Instagram/erke_esmahan

    Әнші Ерке Есмахан желіде өзінің қайтыс болғаны туралы ақпарат таратып жатқандарға шүйлігіп, оларға қатысты бар ойын айтты. Өнер иесі олардың қаралым саны үшін пасық әрекеттерге барғанына ашуланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ерке Есмахан азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялады. Онда ол өзіне "өлім" тілеген жандарға үндеу жасады.

    "Мына қасиетсіз Insta, Youtube порталдарға не істеуге болады? Не деген құдайдан қорықпайтын адамдар? Өсек, өтірікті қойып өздері өлмейтіндей неге бұндай жасайды? Ата-анасы, бауырлары, балалары жоқ па? Біреуге өлім тілегенше, өздеріңе бақытты өмір тілесеңдерші. Лүпіл мен қаралым саны үшін ардан безгендер. Осылай жазуға, суретті осылай салуға қалай Алладан қорықпай дәттерің барады?

    Ерке Есмаханның Stories-і
    Скриншот: Instagram/erke_esmahan

    Өмір жасың ұзақ болады дегенге жатпайды бұндай іс. Ол бұрынғы заманда қателесіп ауыл-аймаққа естіртіп жіберсе, "кешір, өмір жасың ұзақ болсын" деп қателескендерін жуып-шайған.

    Ал бұл адамдардың қолдан жасап отырған дүниесі. Алладан безген ақымақтар. Ақырзаман осы шығар. Күннен күнге адамдардың пейілі мен лас ойлары мені таңғалдырады. Аллаға тапсырдым", - деп жазды әнші.

    "Қалай дәттерің барады": Ерке Есмахан "өзінің өлімі" туралы жалған ақпарат таратқандарға шүйлікті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.