Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тележүргізуші Диана Қырықбай: 200 мың теңге табатын жігіттің ақшасы маған жетпейді

Жарияланған күні:

Диана Қырықбай
Фото: Instagram/diana_kyrykbay

Танымал тележүргізуші Диана Қырықбай жігіттер қауымына не себепті жоғары талап қоятынын айтты. БАҚ өкілі қарапайым жігіттер оны асырай алмайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Диана Қырықбай бүгінде өзіне көп жігіт көңіл білдіргенімен, олардың жалақысы көңілінен шықпайтынын айтты. Тележүргізушінің сөзінше, 200 мың теңге айлық алатын азаматтардың ақшасы оған жетпейді.

Ол бұл туралы өз әріптесі Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты.

"Менің жігіттерге қояр талабым көп. Кейбіреулер менің сөзімді түсінбей жүр. "Қарапайым деген қандай қыз? Сонда сізге айына қанша ақша кетеді?" деп жазады. Кез келген қызды керемет әдемі қылуға болады. Ол ақшаға келіп тіреледі. Мен, мәселен, өз күтіміме айына 2 миллион теңге жұмсаймын. Себебі, менің әдемі болуым керек. Салонға баруым керек. Бетімді күтуім керек. Ал жігіттер бір арнадан шыға алмай қалған секілді. Мен 200 мың теңге табатын жігітпен қалай тұрамын. Оның ақшасы маған жетпейді ғой. Қазір бұл ақшаға ешкімді де асырай алмайсың. Жігіттер бағаны көтеру керек", - деді Диана Қырықбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968719-diana-qyryqbai-200-myn-tenge-tabatyn-zigittin-aqsasy-magan-zetpeidi/