Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәбит Әбдіхалықов: Қазақтың Асанәлісі қандай құрметке болса да лайық

Опубликовано:

Асанәлі Әшімов пен Сәбит Әбдіхалықов
Фото: Instagram/sabit_abdykalykov

Актер Сәбит Әбдіхалықов өнердегі ағасы Асанәлі Әшімовті 85 жылдық мерейтойымен құттықтап, оған деген ақ тілегін білдірді. Продюсер халық әртісін халық руханиятының абызы деп атады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сәбит Әбдіхалықов Асанәлі Әшімовке арнаған жазбасын Instagram парақшасында жариялаған.

Өнер иесінің 85 жылдық мерейтойы Әуезов атындағы театрда тойланған.

"Театр және кино әлемінің ақсақалы, жалпы қазақ руханиятының абызы Асанәлі Әшімовтың 85 жылдық мерейтойы Мұхтар Әуезов атындағы ұлттық театрда аталып өтті. Интерактивті спектакльмен өрілген өрелі кештің куәсі болдық. Қазақтың Асанәлісі қандай құрметке болса да лайық. Қадірлі Асаға, ел ішінде еркелеп, кейінгі буынға бағыт-бағдар сілтеп, ортамызда аман- есен жүре беріңіз. Басыңыз аман, төңірегіңіз түгел болсын”, – деп жазды Әбдіхалықов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968885-sabit-abdixalyqov-qazaqtyn-asanalisi-qandai-qurmetke-bolsa-da-laiyq/

pixel