Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматыға 1000 теңгемен келдім": Маржан Арапбаева студенттік кезін есіне алды

Опубликовано:

Маржан Арапбаева
Фото: Instagram/arapbayevamarzhan

Әнші Маржан Арапбаева студенттік кезін есіне алып, басынан өткен оқиғаларын айтып берді. Өнер иесі алып шаһарға небәрі 1000 теңгемен келген. Бұл соманың өзін анасы бірнеше адамнан сұрап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Маржан Арапбаева жас кезіндегі қызықтары туралы "1001 түн" бағдарламасында айтып берді.

"1995 жыл, заман қиын болатын. Ақша ауысып жатты. Анам көршіден, танысынан және ұжымдасынан алып, 1000 теңге тауып берген. "Әзірге осы ақшаны ала тұр, тағы тауып берермін" деді. Мен ол ақшаны алып, пойызда жоғалтып алмау үшін барынша сақ болуға тырыстым. 50 теңгесіне дене шынықтыруға аяқ киім сатып алдым. Қалғанын әпкем келгенше үйтіп-бүйтіп жеткіздім. Ол АГУ-де аспирантурада оқитын. Оқуы кештеу басталатын. Ол кезде жасым 18-де, ешкімнен қарыз алып көрмеппін", - деді әнші.

Өнер иесі ақша мәселесіне келгенде ұқыпты екенін атап өтті. Ал бүгінде шопингті ұнататынын жасырмады. Мұндай жағдайға жету үшін ол біраз еңбектенген.

"Өстік, ақша таба бастадық. Шопинг жасайтындай жағдайға жеттік, неге киінбеске? Неге кезінде армандаған LV сөмкесін алмасқа? Жұмсайтындай маңдай термен таптым. Сондай кезге келген кезде ғана мен шопогололик болдым. Ал жалпы ақша жинай алатын адаммын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968941-almatyga-1000-tengemen-keldim-marzan-arapbaeva-studenttik-kezin-esine-aldy/

pixel