Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бала күнгі видеосын бөліскен Әбдіжаппар Әлқожа елді сүйсінтті

Опубликовано:

Әбдіжаппар Әлқожа
Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа кішкентай кезіндегі мұрағаттық видеосын жариялап, елді сүйсінтті. Өнер иесі сол кезден бері әртіс болуды армандаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әбдіжаппар Әлқожа 10 жасында Шәмші Қалдаяқовтың "Отырардағы той" әнін орындаған сәтін Instagram парақшасында жариялады. Онда әншінің мектепте өткен мерекелік шара кезінде өнер көрсетіп жатқанын көруге болады.

Өнер иесі кішкентай кезінде ритмнен қалып, әннің сөзін ұмытып жатса да әртіс болудан еш тайынбағанын айтты.

"Ештеңеге қарамай, әнші боламын дейтін баланың түрі ғой мынау. Рахатын-ай деймін да! Қалып қою, сөзін ұмыту тоқтата алмайды ғой мені. 2002 жыл, Амангелді ауылы. Әлия Молдағұлова атындағы №52 орта мектеп" , - деп жазды ол бейнежазбаның астында.

Желі қолданушылары Әбдіжаппардың талпынысына тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдірген.

"Жарайсың, бүгінде сол талпынысыңның жемісін көріп жатырсыз", "Дұрыс, өз арманынан бас тартпай, алға ұмтылған адамдар дегеніне жетеді", "Кішкентай кездегі мақсатың бүгін іске асып жатыр ғой. Қандай керемет", "Қазіргі уақытта бірегейісің өнерде", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968956-bala-kungi-videosyn-bolisken-abdizappar-alqozaga-eldi-suisintti/

pixel