Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тележүргізуші Әйгерім Есенәлі күйеуімен ажырасып кеткенін мәлім етті

Опубликовано:

Есенәлі
Фото: Instagram/yessenali_aikerim

Танымал теле-радиожүргізуші Әйгерім Есенәлі осыдан жарты жыл бұрын жұбайы Әнуарбек Жәлелмен ажырасқанын мойындады. Біраз уақыт бойы жеке өміріне қатысты сұрақтан қашып жүрген журналист бұл жолы жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әйгерім Есенәлі күйеуімен ажырасуына не себеп болғанын түсіндіруге тырысты. Ол екі тарап үшін де осы шешім дұрыс болғанын айтады.

Ажырасуға қарамастан бұрынғы ерлі-зайыпты жақсы қарым-қатынасты сақтап қалған. Олар бүгінде қызының тәрбиесімен бірге айналысуда.

Әйгерім Есенәлі бұрынғы күйеуіне өз алғысын айтып, оның керемет әке екенін жеткізді.

"Қазір Әнуарбек менің жұбайым емес. Соңғы кезде әлеуметтік желіде белсенділік төмен болып кетті, себебі мен осы сұрақтан қаштым. Ажырасқанымызға жарты жыл болды. Басында бұл туралы айту қиын болды. Бұл кез келген адам үшін, әсіресе қазақ әйелі үшін трагедия. Әңгіме кім кінәлі екендігінде емес, болмай қалғаны, сақтай алмағаныңда. Бәрінің үлесі бар. 

Қазір екеуміз де кішкентай қызымыздың адекватты, объективті қарым-қатынастағы ата-анасымыз. Сол үшін қуаныштымын. Әнуарға алғысым шексіз. Өйткені ол креативті, позитивті жігіт. Энергетикасы да жақсы.

Бірінші рет курс жасауға итермелеген сол. Шабыттандырып, қолдап отырады. Өте жақсы әке. Қызын қатты жақсы көреді, Әдия оны қатты жақсы көреді. Екеуі үнемі қыдырып жүреді. Екеуміздің екі жаққа кеткеніміз дұрыс болды. Қиналып, айқай-шумен, ұрыс-керіспен көңілсіз болып жүре бергеннен, бір-бірімізді қинағаннан гөрі осы дұрыс шығар", - деді ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969125-telezurgizusi-aigerim-esenali-kuieuimen-azyrasyp-ketkenin-malim-etti/

pixel