Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украиналық топ Eurovision-2022 байқауында жеңіске жетті

Опубликовано:

Kalush Orchestra тобы
Kalush Orchestra тобы. Фото: Jens Büttner/picture alliance/Getty Images

Eurovision-2022 байқауының финалында украиналық Kalush Orchestra тобы жеңіске жетті. Үздік үштікке Ұлыбритания мен Испания елдері де енген.

Stefania әні көрермендердің дауыс беруі нәтижесінде бірінші орынды иеленген.

Топтың солисі Олег Псюк бұл әнді өз анасына, сондай-ақ соғыстан өз балаларын қорғаштап жүрген барлық әйелге арнаған. Жалпы, байқау биыл Италияның Турин қаласында өтті.

Kalush – 2019 жылы құрылған рэп-тобы. Оның аты Украинаның Ивано-Франковский облысындағы Калуш қаласының құрметіне қойылған.

Осы орайда Украина президенті Владимир Зеленский Kalush Orchestra тобын ән байқауындағы жеңісімен құттықтап, күндердің бір күні Eurovision азат Мариупольде өтеді деп уәде беді.

"Біздің батылдығымыз әлемді таңқалдыруда, біздің музыкамыз Еуропаны бағындырды! Біз күндердің бір күні Eurovision қатысушылары мен қонақтарын Украинаның Мариуполь қаласы қабылдауы үшін бәрін істейміз", - деп жазды Украина президенті Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969317-ukrainalyq-top-eurovision-2022-baiqauynda-zeniske-zetti/

pixel