Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айған Жолдасова: Өз мамандығымды шегеріп қойып, Ұлықпанның шаруасымен жүрдім

Опубликовано:

Ұлықпан Жолдасов әйелімен
Фото: Instagram/aigan_zholdasova

Ұлықпан Жолдасовтың әйелі Айған Жолдасова бүгінде өнер өкілдерінің ортасында жиі бой көрсетеді. Ол өз күйеуі мен қызының арт-директоры қызметін атқарады. Алайда Айған ханымның бастапқыда таңдаған мамандығы дәрігер болып шықты. Ол өмір бойы жолдасына қолдау көрсетемін деп өз саласын шегеріп қойған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айған Жолдасова не себепті өзі игерген мамандықты ысырып қойып, өнер саласына бет бұрғанын түсіндірді. Бұл туралы ол "1001 түн" бағдарламасында айтып берді.

"Бала кезімізден бірге жүріп, өнерде бірге болдық. Бірақ о баста мен дәрігерлік мамандықты таңдағанмын. Осылардың шаруасымен жүрген маған ыңғайлы болды. 

Ақтауда дәрігер болып 3-4 жыл жұмыс істедім. Одан кейін Алматыға көшкен 90-жылдары қиын заман болды. Сол кездерде өнер саласы табысты болды. Өзімнің саламды кейінге шегеріп қойдым да, Ұлықпанның шаруасымен айналысып кеттім.

Бірақ ол осы уақытқа дейін ұзаққа созылып кеткен сияқты", - деді әншінің келіншегі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969390-aigan-zoldasova-oz-mamandygymdy-segerip-qoiyp-ulyqpannyn-saruasymen-zurdim/

pixel