Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген әнші Кенталдың ұлының тұсауын кесті (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген Кенталдың ұлының тұсауын кесуде
Видеодан кадр: Instagram/gulmiraa02.dq_dear

Әнші Кентал ұлының бір жасқа толуына орай үлкен мерекелік шара ұйымдастырып, барша жақындарының басын қосты. Туған күн иесінің тұсауын ғажайып дауысты Димаш Құдайберген кескен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кентал тұңғышының туған күнін Алматы мейрамханаларының бірінде атап өткен. Оның қуанышына туған-туыстарынан бөлек, бірқатар өнер өкілі қатысты.

Жұлдызды меймандар арасында Аша Матай мен Арман Қоңыр, Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов, Назима Жәнібекова, Әлия Телебарисова, Дильназ Ахмадиева, Луина және тағы басқалары болды.

Олар думанды тойда би билеп, ән айтып ерекше көңіл көтерді. Сондай-ақ той иелеріне ақ тілегін білдіріп, бағалы сыйлықтарын да табыстады.

Мерекелік шараның ең маңызды сәтін Димаш Құдайберген атқарған. Ол бір жасқа толған Азаматтың тұсауын кесіп, оған ағалық тілегін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969395-dimas-qudaibergen-ansi-kentaldyn-ulynyn-tusauyn-kesti-video/

pixel