Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халық жауы болғым келген жоқ": Блогер Есентай үйленуге қалай шешім қабылдағанын айтты

Опубликовано:

Есентай мен Разия
Фото: Instagram/yesssentay

Отандық танымал блогер Есентай Ниязбаев жақында сүйіктісіне Париж қаласында үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алды. Желі жұлдызы өміріндегі маңызды шешімді қабылдауға не түрткі болғанын ашық айтты. Ол отбасылық дәстүрді жалғастырмақ болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Есентай Ниязбаев үйленуге ұсыныс жасауға қалай бекінгенін айтып берді. Оған блогердің атасы өз септігін тигізсе керек.

Желі жұлдызы отбасындағы дәстүрге қатысты тың мәліметті "Қызық Live" бағдарламасында бөлісті.

"Парижге бару Разияның арманы болған. Жалпы мен осы жылы үйленуге шешімді қалай қабылдадым? Осы қыста мен атама барамын. Менің атамның атасы әйелімен үйленгеніне 50 жыл болғанда Кеңес атама ағаш берген. Атамның жасы ол кезде 25-те болды. Оған ағашты беріп, "Егер сен 25 жаста үйленсең, немерелеріне, Ниязбаевтар отбасына дәстүр болып қалсын" деген екен. Атам осы оқиғаны айтып берді. Ал биыл менің ата-апамның некелескендеріне 50 жыл болды. Ал менің жасым 25-те. Сол кезде өзім де ойладым. Неге бұл дәстүрді жалғастырмасқа? деп ойладым. Оның үстіне Париж махаббат қаласына жол жүргелі жаттық. Бауыржан Момышұлы атамыз "25 жасқа келіп үйленбеген жігіттер - халық жауы" деп айтқан. Сол себепті мен халық жауы болғым келген жоқ", - деді Есентай Ниязбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969495-xalyq-zauy-bolgym-kelgen-zoq-bloger-esentai-uilenuge-qalai-sesim-qabyldaganyn-aitty/

pixel