Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол үшін 20-30 жыл қызмет істеу керек": Мұрат Құсайынов Димаштың қайраткер атағын алғанына наразылығын білдірді

Опубликовано:

Мұрат Құсайынов
Видеодан кадр: Youtube/Hit TV

"Дос-Мұқасан" ансамбілінің негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі, белгілі композитор Мұрат Құсайынов Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына қатысты өз пікірін білдірді. Ол жас таланттың өнерін жоғары бағалайтынын айтқанымен, оның атақ алуына наразы екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мұрат Құсайынов Димаш Құдайберген "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын ерте алып қойғанын айтты. Өнер иесі өз наразылығын "Менің өмірім" бағдарламасында жеткізді.

"Біздікілер біреу шетелде жарысқа қатысып келіп, лауреат атанса бірден атақ беруге мәз. Димашқа алды да "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерін" беріп жіберді. Бұл дегеніміз үлкен атақ. "Дос-Мұқасанда" ол менде ғана бар атақ. Ол үшін 20-30 жыл қызмет істеп алу керек. Қайраткер деген сөз өте жоғары. Соны екінің біріне бере береді. Соны Димашқа да беріп жіберді. Ол қайраткерді ары қарай алып жүру керек қой. Ол - бірінші. Екіншіден, қазір Димаш өзі шықты дейік. Бірнеше мемлекеттер, бүкіл әлем Димашқа қарап отыр. Оған мәдениет министрлігі не істеу керек? Арнайы комиссия құру керек. Бес-алты әншіні, нағыз таланттарды дамытып, оларға қолдау көрсету керек", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969522-ol-usin-20-30-zyl-qyzmet-isteu-kerek-murat-qusaiynov-dimastyn-qairatker-atagyn-alganyna-narazylygyn-bildirdi/

pixel