Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалған екі ұлына көңіл бөлмейді": Нұртас Айдарбеков әйелі туралы айтты

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова жолдасымен
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Нұртас Айдарбеков келіншегі Гүлзира Айдарбекова үнемі Қайрат Нұртастың қасында жүретінін айтып, қалған екі ұлына көп көңіл бөлмейтінін жеткізді. Продюсер шығармашылық орта саналатын Алматы қаласында жүрсе, жұбайы Нұртас Айдарбеков елордада тұрады. Ол уақытының көп бөлігін немере тәрбиесіне арнайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұртас Айдарбеков өз отбасы жайлы жан сырын "1001 түн" бағдарламасында ақтарды. Ол бүгінде көп уақытын немерелеріне арнауға тырысатынын алға тартты.

"Біз Алматы, Нұр-Сұлтан екі қалада тұрамыз. Гүлекең көбінесе Алматыда. Мен кейде: "Қайрат сенің балаң да, қалған екі бала еріп келген шығар" деп күлемін. Өйткені бұл қалған екеуіне көңіл бөлмейді. Сол бір Қайрат. Ал мен ешкімді ренжіткім келмейді. Немере деген өте тәтті. Мен кешкі 5-6-да жұмыстан келемін, қалған уақытымның бәрін солармен өткізуге тырысамын. 

Маған Алла қыз бермеді, үшеуі де ұл ғой. Өзім осы үшеуі үш қыз алып келетін шығар деп армандайтынмын. Аллаға шүкір, бүгінгі таңда сол арманыма жеткен сияқтымын. Оның үстіне, өздері де керемет, барлығы тәрбиелі" , - деді Қайрат Нұртастың әкесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969605-qalgan-eki-ulyna-konil-bomeidi-nurtas-aidarbekov-aieli-turaly-aitty/