Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"7-8 сағат жаттықтым": Дәстен Шәкіров бір айда қалай 14 келі тастағанын айтты

Опубликовано:

Дәстен Шәкіров
Видеодан кадр: Youtube/НТК

Отандық танымал актер Дәстен Шәкіров актерлік салада қандай қиындықтарға тап болғанын айтып берді. Өнер иесі Ақан Сатаевтың "Рэкетир" фильміне түсі үшін бір айда 14 келі салмақ тастауға мәжбүр болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дәстен Шәкіров қалаған рөліне қол жеткізу үшін тиісті салмақты тастаған. Ол қажетті салмақ мөлшерін бағындыру үшін бастысы төзімділік керек екенін алға тартты.

Оған қоса өнер иесі салмақ тастауға байланысты кеңестерін айтты.

"Негізі бізге салмақ тастау аса қиын емес. 2014 жылы "Рэкетирге" түскен кезде 1 айда 14 келі салмақ тастадым. Өте мықты диетаға отырып, күніне 7-8 сағат спорт залда жаттықтым. Нан жеме, тәтті жеме. Асыңды кешкі 6-ға дейін ішіп ал. Таңертең қантсыз ботқа жейсің. Қанттың орнына банан не алма қосасың. 

Түске дейін тәтті жеуге болады, түстен кейін болмайды. Нанды басқа затпен алмастыр. Түстен кешке дейін көкөніс жейсің. Ал жеміс жеуге болмайды. Себебі ол энергия. Оны таңертең жинап алып, кешке тек көкөніспен жүресің. Ал 18.00-ден кейін мүлдем тамақ ішуге болмайды.  Сосын ұйқы маңызды. Кешкі 9.30-10.00-де ұйықтап, таңертең 7-8-де тұрасың" , - деді актер "НТК" арнасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969682-7-8-sagat-zattyqtym-dasten-sakirov-bir-aida-qalai-14-keli-tastaganyn-aitty/

pixel