Танымал блогер Дәулет Мұқаевтың үшінші перзенті дүниеге келді
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал блогер Дәулет Мұқаевтың үшінші перзенті дүниеге келді. Ол қызды болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қуанышты жаңалықты блогердің өзі жеткізді. Ол Instagram парақшасында оқырмандарына сүйінші хабарды жария етті.
"Сүйінші. Қазақ еліне +1 ару. Алланың қалауымен үшінші мәрте ата-ана атандық. Менің 30 жасыма Алланың берген сыйлығы. Лаура, жарайсың. Құшағың гүлге тола берсін, жаным. Жастарға жұғысты болсын", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары бірден Дәулет Мұқаевты жарыса құттықтап, оған өз ақ тілектерін білдірді.
"Бауы берік болсын", "Құттықтаймыз. Әкесі секілді елге сыйлы азаматша болсын", "Балапандарыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіздер", "Көбейе беріңіздер", - деп жазуда желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969771-tanymal-bloger-daulet-muqaevtyn-usinsi-perzenti-duniege-keldi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.