Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешірім сұрады": Мөлдір Әуелбекова сотқа берген оқырманы туралы айтты

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова өзіне жағымсыз пікір жазғаны үшін сотқа берген оқырманын кешіргенін айтты. Өнер иесіне тіл тигізген келіншек өз кінәсін түсініп, одан кешірім сұраған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұған дейін аталған іс бойынша соңына дейін апарамын деген әртіс бұл райынан қайтқан. Ол ұзақ ойлана келе, өзін желіде даттаған әйелді бір жолға кешіруді шешкен.

Алайда Әуелбекова бұл жағдай көпшілік үшін сабақ болуы тиіс екенін алға тартты. Әнші оқырмандарын ойланып сөйлеуге шақырды.

"Біз өнер адамдары өзімізге қатысты түрлі сөздер естиміз, оқимыз. Жағымсыз жазылған былай тұрсын, тым ауыр сөздер айтылған жағдайда да "қойшы, қойшы" дей саламыз ғой. Ел алдында жүріп дәл осы "қойшыға" салынып келе жатқаныма 18 жыл болыпты. Бұл жолы басқаша болсын деп шештім. Себебі, пікір білдіруші Рита ханым менің жеке басымнан бөлек көпшілікке топырақ шашып отыр.

Есесіне, мен сотқа беріп, адвокатқа жүгінгенімді білесіздер. Процесс басталып кеткен. Енді, жауабы ол әйел үшін тым ауыр болатынын естіп, көп ойландым. Күнәсін білеміз, ал тәубесін білуші Алла ғана ғой. Кешірім сұрады. Мүмкін шынымен тәубесіне келген шығар?

Тілге тиек деген бар. Ауыздан сөз шығармас бұрын ойланған абзал. Қыз өсіріп отырсыз! Д

әл сол өсіріп отырған қызыңызға немесе немереңізге меніңкіндей тағдыр жазылмасына кепілдігіңіз жоқ! Адамның емес Алланың жазасы ауыр болады! Сәл ойланып сөйлейік! Жалпы Жаратушымыз мұсылмандарға бір біріне үш күннен артық ренжіспеуді бұйырды. Есесіне, қазақта сөз бар: "жақсы адамның ашуы – шай орамал кепкенше!" Сол енді ойлана келе, өзім тігіп киіп жүрген шай орамалым кеуіп кетіпті! Рита ханымды мен кештім! Сіз кешіңіз! Алла кешсін", - деп жазды әртіс Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1969794-kesirim-surady-moldir-auelbekova-sotqa-bergen-oqyrmany-turaly-aitty/

pixel